30 Авг
Республика алаңында салтанатты шеруінде мемлекеттік қызметкерлер, соның ішінде басқарманың ұжымы да, сондай-ақ оқу орындарының, қалалық қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаев құттықтау сөз сөйледі. Республика алаңында Астана қаласынан тікелей тарату арқылы құттықтаулар айтылды.
28 Авг
9 Авг
Облыс әкімі Б. Сапарбаевтың тапсырмасын орындау мақсатында ШҚО жер қатынастары Басқармасының қызметкерлерімен апта сайын Қабанбай батыр көшесінде бекітіліп берілген көгал алаңдары тазаланады және қоқыс шығарылады.
28 Июль
2010 жылғы 25 маусымда Басқармамен Семей қаласы Приречный ауылдық округінің аумағында Орталық Мұқұр кен орнында құрамында алтын бар кендерді игеру үшін «ГРК «Андас-Алтын» ЖШС-не 9.01.2011 жылға дейінгі мерзімге жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беретін сәйкестендіру құжаты берілді.
2010 жылғы 27 шілдеде Зайсан ауданында орналасқан Зайсан кен орнында (А-1-Блогы) құрылыс тасын өндіруді жүргізу үшін «Зайсан» ҚК» ЖШС-не 27.01.2028 жылға дейінгі мерзімге жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беретін сәйкестендіру құжаты берілді.
28 Июль
Комиссия отырысының нәтижесі бойынша «Эгрэй» ЖШС-не Өскемен қаласына әкімшілік бағынышты аумақтағы 05-085-142 есептік кварталының ауданында орналасқан Ахмер кен орнында жалпы ауданы 3,8 га жер учаскесіне 2016 жылғы 24 мамырға дейін керамзит саз балшығын өндіру үшін уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану (жалдау) құқығын беру қорытындысы берілді және оң шешім қабылданды.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 45-бабына сәйкес осы заңды тұлға комиссияның қорытындысы негізінде жерге орналастыру жобасын әзірлеуге жолданды.
25 Июль
Шығыс Қазақстан облысы бойынша реформанын басынан (1993 жыл) 2010 жылғы 1 шілде аралығында жеке меншікке ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жер телімдері сатылды:
- саны – 45125;
- ауданы – 10586,5 га;
- сомасы – 4821980,3 мың теңге.
2010 жылы жеке меншікке ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жер телімдері сатылды:
- саны – 1261;
- ауданы – 162,3 га;
- сомасы – 243301,6 мың теңге.
2010 жылдың 25 шілде жағдайына жер телімдерін жеке меншікке сатудан түскен қаражат мөлшерінің ең аз мөлшері:
– Катонқарағай ауданында – 34,4 мың теңге;
– Тарбағатай ауданында – 62 мың теңге;
– Күршім ауданында – 149,2 мың теңге;
– Бородулиха ауданында – 187,3 мың теңге.
Жерлерді сатудан түскен қаражат мөлшерінің ең көп мөлшері:
- Өскемен қаласы – 141179,5 мың теңге;
- Семей қаласы – 38507 мың теңге;
- Ұлан ауданы – 16577,5 мың теңге;
- Шемонаиха ауданы – 12496,3 мың теңге.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2003 жылдан 2010 жылғы 1 шілде аралығында жеке меншікке ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдері сатылды:
- саны – 322;
- ауданы – 50759,9 га;
- сомасы – 265857,1 мың теңге.
Ағымдағы жылы жеке меншікке ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдері сатылды:
- саны – 39;
- ауданы – 1024,9 га;
- сомасы – 14866,5 мың теңге.
12 Июль
Басқармада қаржыландыруды 14562,0 мың теңгеге жоспарлағанда кассалық шығыс 13895,5 мың теңгені құрады, бюджет қаражаттарын проценттік игеру 95,4 % құрады.
«Облыс аумағында жер қатынастарын реттеу саласында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қыземттері» 001 бағдарлама бойынша 2010 жылдың I жарты жылдығында 13640,7 мың теңге игерілді, 2010 жылдың I жартыжылдығында бағдарлама бойынша проценттік игеру 95,5% құрады.
«Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жабдықтау» 012 бағдарлама бойынша қаржыландыру 280,0 мың теңгені құрайды, кассалық щығыс 254,9 мың теңге. 25,1 мың теңге мемелкеттік сатып алулардағы үнемдеу.
Комиссия отырысының нәтижелері бойынша:
- «КСЖБ-3» ЖШС-не «Ново-Бабинское» кен орнының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан құмды қиыршық тас қосындысын өндіру үшін 2031 жылғы 22 қыркүйекке дейінгі мерзімге жалпы ауданы 23,3 га жер учаскесіне уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану (жалдау) құқығын;
- «ОДС» ЖШС-не Семей қаласына әкімшілік бағынышты аумақта Жалпақ кен орнының (Оңтүстік учаскесі) шығыс қанатында кірпіш саздақтарын өндіру жүргізу үшін 15.09. 2031 жылға дейінгі мерзімге ауданы 36,0 га жер учаскесіне, уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы қорытындылар берілді және оң шешім қабылданды.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 45-бабына сәйкес осы заңды тұлғалар комиссияның қорытындысы негізінде жерге орналастыру жобасын әзірлеуге жолданды.