1 Июль
Комиссия отырысының нәтижелері бойынша:
- «КСЖБ-3» ЖШС-не «Ново-Бабинское» кен орнының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан құмды қиыршық тас қосындысын өндіру үшін 2031 жылғы 22 қыркүйекке дейінгі мерзімге жалпы ауданы 23,3 га жер учаскесіне уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану (жалдау) құқығын;
- «ОДС» ЖШС-не Семей қаласына әкімшілік бағынышты аумақта Жалпақ кен орнының (Оңтүстік учаскесі) шығыс қанатында кірпіш саздақтарын өндіру жүргізу үшін 15.09. 2031 жылға дейінгі мерзімге ауданы 36,0 га жер учаскесіне, уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы қорытындылар берілді және оң шешім қабылданды.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 45-бабына сәйкес осы заңды тұлғалар комиссияның қорытындысы негізінде жерге орналастыру жобасын әзірлеуге жолданды.