Басқарма мамандары облыстың қалалары мен аудандарының кешенді ведомствоаралық тексеруге катысуда.
28
Июнь
Облыс әкімі аппаратының, облыстық басқармалар мен департаменттердің өкілдерінен тұратын облыстық ведомствоаралық комиссия құрамында Басқарма мамандары Аякөз (14-15 маусым), Зайсан (22-25 маусым) аудандарында болды.
Комиссия жұмысы қалалық және аудандық әкімдіктердің қызметін келесі мәселелер бойынша тексеруден тұрды:
бақылаудағы құжаттардың орындалуы;
жемқорлыққа, қылмыстыққа, нашақорлыққа қарсы күрес;
Жол картасын және халықты жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғау бағдарламаларын іске асыру;
экономика, денсаулық сақтау, білім, экология, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, сәулет және қала құрылысы, агроөндірістік кешені, жолаушылар көлігі, ауыл шаруашылығы, жер және басқа мәселелер.
Аякөз және Зайсан аудандарының жер қатынастары бөлімдерінің тексеру нәтижесінде келесі ұсынымдар берілді:
жерді пайдалану мониторингін жүйелі түрде жүргізу;
пайдаланылмайтын жер учаскелерін анықтап, оларды алдағы уақытта меншік иелері мен жер пайдаланушыларға беру үшін иесіз мүлік ретінде есепке алу бойынша жұмыстарды жалғастыру;
жер учаскелерінің иесіз мүлік ретінде еспете тұру мерзімі аяқталғанда оларды мемлекет меншігіне уақытында қайтаруды қамтамасыз ету;
фактілі пайдалануы олардың агроөндірістік топырақ сипаттамасымен сәйкес келмейтін жерлерді анықтау және оларды басқа алқап түріне ауыстыру бойынша жұмыстарды жалғастыру;
тыңайған жерлерді ауыл шаруашылық айналымына тарту бойынша жұмыстарды жалғастыру;
жер учаскелерін аукциондар арқылы беруді қамтамасыз ету.