Жер учаскелерінің санитарлық-қорғау аймағын анықтау мен белгілеу саласындағы қолданыстағы заңнаманың нормасын сақтау мақсатында, берілген жер учаскелері және бар объектілер үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес санитарлық-қорғау аймағын анықтауды және белгілеуді (СҚА) міндетті түрде тәжірибеге енгізу қажет.
Жер учаскелерінің СҚА-н анықтау мен белгілеу кезінде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 201, 212-баптарымен, ҚР Жер кодексінің 121-бабымен, ҚР Салық кодексінің 381, 384-баптарымен, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңының 58-бабымен анықталған нормалар мен тәртіпті басшалыққа алу қажет.
СҚА-ның шекарасын және олардағы жерді пайдалану режимін санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға және жобалау-техникалық құжаттамаға сәйкес меншікке немесе жер пайдалануға жерді беру туралы шешім қабылдаған орган айқындайды.
СҚА-н ұстау жөніндегі міндеттер СҚА белгіленген объектілердің меншік иелеріне жүктеледі.
СҚА-ның параметрлері және оған қойылатын талаптар СҚА-ның нақты тағайындалуына тәуелді түрде, техникалық регламенттермен белгіленеді. СҚА-да оның параметрлеріне және тағайындалуына қарамастан, тұрғын үй ғимараттарды, білім беру ұйымдарын, денсаулық сақтау мен демалыс мекемелерін, спорт-сауықтыру құрылыстарын орналастыруға (салуға), бағбандық және бақшалық жер учаскелерін орналастыруға, сондай-ақ ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге тиым салынады.
Шығыс Қазақстан облысы жер қатынастары басқармасымен басқа да мүдделі органдардың өкілдерімен бірлесіп жер учаскелерінің санитарлық-қорғау аймақтарын ресімдеудің ұсынылған сұлбасы әзірленді. Аталған сұлба облыс әкімі орынбасары С.С. Әбденовпен бекітілді және қалалар мен аудандардың әкімдеріне жұмыста басшылыққа алу үшін жолданды.
Жер учаскелерінің санитарлық – қорғау аймақтарын ресімдеудің ұсынылған сұлбасы мынадай түрде:
Жер учаскелерін беру жөніндегі материалдар облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) (облыстық жер комиссиясы), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) (аудандық, қалалақы жер комиссиясы) атқарушы органының қарауына енгізіледі. Материалдар пакеті келесідей құжаттардан тұруы қажет:
1. Нысаналы мақсатын, түрін және жер пайдалану мерзімін, ауданын және сұралған жер учаскесінің орналасқан жерін міндетті түрде көрсете отырып, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімінің атына өтінім жасау;
2. Сұралған жер учаскесінің жоспары, кадастрлық мәліметтер (есептік квартал, жер санаты, алқап түрі, меншік иелері мен жер пайдаланушылардың бар-жоғы, сұралған жер учаскесінде инженерлік желілердің бар-жоғы) Аталған материалдарды ЕМК Мемжерғылөнорталығы немесе оның бөлімдерінен алады;
3. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттың көшірмесі, қосымшаларымен, толықтыруларымен және өзгерістерімен барлық келісулерімен (бар болған жағдайда) бірге;
4. Келісім-шартты мемлекеттік тіркеу актісінің көшірмесі (бар болған жағдайда);
5. Тау-кен бөлігінің шекарасы (бар болған жағдайда);
6. Өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың немесе құрылтайшы құжаттардың көшірмесі.
Жер учаскелерін беру мүмкіндігі туралы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) (облыстық жер комиссиясы), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) (аудандық, қалалақы жер комиссиясы) атқарушы органының қорытындысын алғаннан кейін кәсіпорын-өтініш иесі СҚҚ ресімдеу жөнінде тиісті жұмыстарды жүргізуге рұқсат алған лицензиатпен шарт жасайды. Жобалау-техникалық құжаттамасында лицензиат СҚА-ның ауданы туралы толық ақпаратты көрсетеді, оның шекарасы және орналасқан жері, меншік иелері мен жер пайдаланушылардың бар-жоғы, аталған аймақтардың ауыртпалықтары мен сервитуттар, сондай-ақ меншік иелері мен жер пайдаланушылармен келісу (олар болған жағдайда).
Жобалау жұмыстарының аяқталу мерзімі шарттың жағдайына сәйкес келісіледі, бұл ретте жер учаскелерінің шекаралары аралас меншік иелері мен жер пайдаланушыларды (бар болған жағдайда) көрсете отырып, жер-кадастрлық картаның топонегізіне бейнеленеді
(Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-бабына және 121-бабына сәйкес).
Әзірленген СҚА белгілеу жобасын және жерге орналастыру жобасын лицензиат барлық мүдделі тұлғалармен және органдармен келіседі: санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары; қоршаған ортаны қорғау органдары; салық комитеті; сәулет және қала құрлысы органдары. Қажет болған жағдайда басқа да құзырлы органдармен келіседі.
Құзырлы органдармен келісу мерзімі 10 күннен аспауы тиіс. Аталған мерзім ақпаратты қосымша нақтылау қажет болған жағдайда 5 күнге ұзартылуы мүмкін.
Барлық қажетті қорытындыларды алғаннан кейін, СҚА белгілейтін жобалау-техникалық құжаттамасы жерге орналастыру жобасымен бірге облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына СҚА-ның аталған жобасын келісу үшін жолданады. Жобалау-техникалық құжаттаманы келісу мерзімі 10 күннен аспауы тиіс. Аталған мерзім ақпаратты қосымша нақтылау қажет болған жағдайда 5 күнге ұзартылуы мүмкін.
Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігінің СҚА белгілеу жөніндегі қаулы жобасы енгізіледі.
Қаулыны қабылдау мерзімі 20 күннен аспауы тиіс.
Лицензиат-фирма СҚА-ның белгілі бір жердегі нақтылы шекарасын белгілейді.
Аталған жұмыстарды орындау мерзімі шарттың жағдайымен регламенттеледі.
Азаматтар мен заңды тұлғалар қолда бар жер учаскелеріне СҚА белгілеу жөнінде өтінім жасаған жағдайда, келесі сұлбаны қолдану қажет:
Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) атқарушы органының жер учаскесіне құқық беру туралы нормативтік құқықтық құжатын орындау мақсатында және ҚР Жер кодексінің 64, 65, 121-бабына сәйкес кәсіпорын-өтініш иесі СҚА-ның жобасын жасауға лицензиат-фирмамен шарт жасайды.
Жобаны жасау мерзімі шарттың жағдайымен регламенттеледі.
Фирма-лицензия СҚА белгілеу жобасын әзірлейді және жобаны барлық мүдделі тұлғалармен және органдармен келіседі: санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары; қоршаған ортаны қорғау органдары; салық комитеті; сәулет және қала құрлысы органдары. Қажет болған жағдайда басқа да құзырлы органдармен келіседі.
Құзырлы органдармен келісу мерзімі 10 күннен аспауы тиіс. Аталған мерзім ақпаратты қосымша нақтылау қажет болған жағдайда 5 күнге ұзартылуы мүмкін.
Барлық мүдделі тұлғалардың қорытындысын алғаннан кейін, СҚА белгілейтін жобалау-техникалық құжаттамасы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына (құзыры бойынша) келісу үшін жолданады.
Жобалау-техникалық құжаттаманы келісу мерзімі 10 күннен аспауы тиіс. Аталған мерзім ақпаратты қосымша нақтылау қажет болған жағдайда 5 күнге ұзартылуы мүмкін.
Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігінің СҚА белгілейтін жобаны бекіту жөніндегі қаулы қабылдауы.
Қаулыны қабылдау мерзімі 20 күннен аспауы тиіс.
Лицензиат-фирма СҚА-ның белгілі бір жердегі нақтылы шекарасын белгілейді.
Аталған жұмыстарды орындау мерзімі шарттың жағдайымен регламенттеледі.
Соған орай СҚА-н белгілеуді қажет ететін мақсаттар үшін және қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін қолданыстағы объектілер үшін (ҚР Экологиялық кодексіне сәйкес) жер учаскелерін беру туралы өтінімдерді қараған кезде, СҚА-н белгілеудің нормалары мен тәртібін анықтайтын қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтау қажет.