Жер қойнауын пайдалану мақсатында жер телімдерін беру тәртібі.
ер қойнауын пайдалану мақсатында жер телімдерін беру Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43, 44 баптарына сәйкес жүргізіледі.
Мемлекет меншігіндегі жерлерден, жер телімдеріне құқықты табыстау төмендегідей дәйектілікпен жасалады: жер қойнауын пайдалану мақсатында жер телімдеріне меншiк және (немесе) жер пайдалану құқығының табысталуына мүдделi заңды тұлғалар жер учаскесi орналасқан жердегi облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкіміне қосымша құжаттар пакетімен бірге өтiнiш бередi.
Өтiнiште:
Қосымша құжаттар пакетінде:
Жер теліміне құқық беру туралы өтiнiш түскен кезiнен бастап екi айға дейiнгi мерзiмде қаралады, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне жер телімдеріне құқық беру туралы өтiнiш үш апталық мерзiмде қаралады.
Жер телімдерін беру туралы шешiмдер немесе жер телімдерін беруден бас тарту жергiлiктi өкiлдi органның депутаттары, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың), сәулет және қала құрылысының уәкілетті органдары мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының (олар құрылған болса) өкiлдерi арасынан облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары құратын комиссияның қорытындысы негiзiнде қабылданады. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының қарауы бойынша комиссияның құрамына басқа да адамдар енгiзiлуi мүмкiн.
Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 43 бабының 7 тармағына, 44 бабының 3 тармағына сәйкес комиссияның қорытындысы негiзiнде жерге құқық табыстау туралы жерге орналастыру жобасы әзiрленедi. Жерге орналастыру жобасының негiзiнде жер телімдерiне тиісті құқық табыстау туралы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі шешiмi дайындалады.
Жер телімдерін беру жоғарғы атқарушы органның құзыретіне кірген жағдайда, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі өзінің шешімімен бірге жерге орналастыру ісін жоғарғыдағы органға бекітуге жібереді.
Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 32 бабының 3 тармағына сәйкес облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының уақытша жер пайдалану құқығын табыстау туралы тиісті шешімі негізінде осындай жер пайдаланушылармен жер телімiн жалға беру шарттары немесе уақытша өтеусiз жер пайдалану шарттары жасалады.
Шешім қабылданып, жалға беру шарттары жасалғаннан кейін жер теліміне құқық куәландыратын құжат дайындалады.
Құқық куәландыратын құжат мамандандырылған республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен дайындалғаннан кейін облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органымен беріледі.
Сондай-ақ Жер кодексінің 14-1 бабының нормаларына сәйкес жер телімдері геологиялық, геофизикалық, іздестіру, геодезиялық, топырақ, геоботаникалық, жерге орналастыру, археологиялық, және басқа да іздестіру жұмыстарын жүзеге асыру үшін де берілуі мүмкін.
Аталған жұмыстарды жүргізу үшін жер телімдерін пайдалануға рұқсат, оның мерзімін көрсете отырып аудандық, қалалық атқарушы органдар, ал егістікте, жақсартылған шабындықтар мен жайылымдықтарда, көп жылдық екпелері бар жерлерде, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері мен орман қорының жерінде жұмыс жүргізу үшін облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары береді және жеке меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер телімдерін алып қоймай-ақ жүргізіледі. Рұқсат беру тәртібі Жер кодексінің 43 және 44 баптарының нормалары бойынша жүргізіледі.