Мемлекеттiк рәміздер

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
1249730011_kz_gerb 1992 жылғы 4 маусым Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының туу күні ретінде халықтың есінде және мәнгі-бақи тарихта қалады. Бүгінгі егеменді Қазақстанның Елтаңбасы екі атақты сәулетшілер: Жандарбек Малибеков пен Шотты Үәлихановтың үлкен еңбегі мен шығармашылық ізденісінің нәтижесі болып табылады. Бұл сайыста жеңіп шығу қиын болды. Еске салу жеткілікті болар, конкурс мәресіне ғана 245 жоба және 67 келешек елтаңбаның сипаттамасы қатысты. Елтаңба-дөңгелек нысанды. Әлемде ең жетілген нысандысы болып шар нысаны есептеледі. Дөңгелек осыған ең жақын жетілген элемент, әсіресе көшпенділерде бағаланады. Дөңгелек, геральдиканың элементі ретінде барлық жерде қолданылады, дегенмен ол шығыс көшпенділерінің ерекше құрметі мен, қадірінде. Бұл өмірдің, мәңгіліктің рәмізі. Орталық элементі, өзіне қабылдаған біздің негізгі Елтаңбаның идеясы-киіз үйдің айнала оралған күмбезі шаңырақ болып табылады. Шаңырақ-отбасының ырыс-берекесі, бейбітшілігі мен тыныштығы. Шеберлікпен, тиімді және әдемі бейнеленген киіз үйдің зенитті саңылауы түіндік-көгілдір, бейбітшілік аспан аясында күннің жарқырап тұрғанын еске салады. Күмбез сырғауылы-Елтаңбаның көгілдір кеңістігімен орталықтан бір қалыпты тартылған уық-өмір мен жылының қайнары, күннің нұрын еске салады. Авторлар киіз үйдің жайылмалы кереге көз тірегі-керегені бейнелеу проблемасын шешуге қол жеткізді. Шаңырақтың крест бейнелі, үш қатты кулдіреуіші үш жүздің бірлігін көрсетіп, олардың төзімділігін қамтамасыз етеді. Осылайша, авторлар геральдика тілімен қазақтардың бейбітшілік мәнін бейнелеп көрсетеді. Республиканың барлық халықтарын ортақ шаңырақ астына шақырып, Қазақстанды-біздің бір ортақ үйіміздің күшті мықты тасушы үйлесімге айналдыруға ынталандырады.
Келесі құраманың бөлімі елтаңбаның композицияляқ құрылымы-жарты ай нысанды таңғажайып жасампаздық қиялдың жүйрік мүйізді алтын тұлпарларлары болып табылады. Мемлекеттік рәміздерде арғымақтарды бейнелеу ескі тарихтан келеді, өйткенмен авторлардың тап осы түрі қабылдағанға дейін көп пікірталасты туғызды. Тұлпарлардың бұлдыр кескіні геральдистер тілінде терең мағынасы мен мазмұны бар. Ол: арыстанның қорқпаушылығын, сұңқардың қырағылығын, бұқаның физикалық күш-қуатын, бұғының пластикасын және шапшаңдығы мен жылдамдылығын, түлкінің жауға қарсы күресте қулығы мен тапқырлығын білдіреді. Тұлпарлардың алтын қанаттары дән бауларын, алтын масақтарын еске салады, яғни ол еңбектің, молшылықтың және материалдық аман-есендіктің белгісі.
Елтаңбаның ортасында бес бұрышты жұлдыз орналастырылған. Оның жобасында жарты ай мен үш кішкене жұлдыз болған, талдау барысында сегіз, жеті бес бұрышты жұлдыздар ұсынылған. Біздің жүрегіміз бен құшағымыз барлық бес континентн өкілдеріне ашық болғандықтан, аяққысына тоқталған.
Елтаңбаның түстік гаммасы негізінен екі түсті құрайды – алтын түстес және көгілдір. Біріншісі біздің халқымыздың жарқын да, айқын болашағымен байланысты. Көгілдір аспан әлемдегі барлық халыққа ортақ, біздің Елтаңбамыздың түсі Қазақстанды дүние жүзіне танымал ету, оның өсіп-өркендеуін, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесін барлық планета халықтарына паш ету.

Қазақстан Республикасының мемелекеттік туы
1249728943_kz_flag Мемлекеттік ту көгілдір түстітік бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн 32 сәулесімен, күннің астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекітілген тұста – ұлттық оюлармен кестеленген тік жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек алтын түсті. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы 1 : 2.
Бүгінгі таңда көгілдір ту сол жағындағы алтын түсті ұлттық ою-өрнектерімен, оның ортасындағы күннің астында қалықтаған қыранымен Республикамыздың әкімшілік ғимараттарына сән беріп тұр. Шетелдік мемлекеттерде Егеменді Қазақстан елшілігінің ғимараттарының төбесінде, Біріккен Ұлтаралық Ұйымның ғимаратының жанына қойылған. Бүгінде ол Республикамыздың тәуелсіздігі мен егемендігі арқасында бәрімен еркіндіктің символы ретінде қабылданады. Оның авторы. Біздің бұл жаңа символымыз суретші Шакен Ниязбековтың үлкен еңбегі мен шығармашылық ізденісінің нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік тудың негізгі элементі оның түсі болып табылады. Біріңғай көгілдір түс, адамзаттың бұрыннан келе жатқан кең қолданылатын, айқын да жағымды түстер қатарына жатады. Ол кездейсоқтық емес. Бұл түстің табиғатта да орны бар, ол қасиетті жеті түсті кемпір қосақта да орын алған. Аспан мен судың түсі. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбітшіліктің, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Көк түс және оның түрлі реңі адалдық, сенімділік, үміт сияқты адамгершілік қасиеттерге сай келеді.
Күн – уақыт, замана бейнесі. Күн –қозғалыс, даму, өсіп – өркендеудің және өмірдің белгісі. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді.
Қанатын жайған қыран құс – бар нәрсенің бастауындай, билік, айбындылық бейнесі. Ұлан-байтақ кеңістікте қалықтаған қыран Қазақстан Республикасының еркіндік сүйгіш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесінің кеңдігін паш етеді.
Тағы бір біздің туымыздағы жаңашылдық пен қайталанбас элементі, тудың сабының тұсында ұлттық ою-өрнек тік жолақ түрінде нақтыланған. Бұндағы қазақтың өрнегінде «қошқар мүйізі» бейнеленген.

Туға құрмет – ол елімізге, халқымызға, оның тарихына деген құрмет.

Қазақстан республикасының мемлекеттік әнұраны

kazakhstan_national_anthem

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досыңдай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!

В небе золотое солнце,
В степи золотое зерно.
Сказание о мужестве
Моя страна!
В седой древности
Родилась наша слава,
Горд и силен
Мой казахский народ!

Припев:

О, мой народ! О, моя страна!
Я твой цветок, взращённый тобой.
Я песня, звенящая на твоих устах,
Родина моя — мой Казахстан!

У меня простор неоглядный
И дорога, открытая в будущее.
У меня независимый,
Сплочённый, единый народ.
Как извечного друга
Встречает новое время
Наша счастливая страна,
Наш народ!

Припев:

О, мой народ! О, моя страна!
Я твой цветок, взращённый тобой.
Я песня, звенящая на твоих устах,
Родина моя — мой Казахстан!