іздеу
айдарлар
Погода в Усть-Каменогорске

Басқарма туралы

«Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі жер қатынастарын реттеу қызметтерін орындауға уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады. «Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» ММ «Облыстық мемлекеттік басқару органдарының құрылымы туралы» 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 18 Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес ШҚО жер инспекциясының атын өзгертуімен құрылған. «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиті туралы» 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 20 Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес Басқарманың құрылымы мен лауазымдарының тізбесі, штат кестесі бойынша 12-лауазым бекітілген. 2005 жылдың 22 ақпанында ШҚО жер қатынастары басқармасы Қазақстан Республикасы статистика жөніндегі агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде қайта тіркеліп, Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлігі берілген.

Басқарманың заңды мекен-жайы ШҚО, Өскемен қаласы,К.Либкнехт көшесі,19 (611 кабинет), телефон/факс 705-012. E- mail:uzovko@akimvko.gov.kz

Басқарманың құрылтайшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі болып табылады. Басқарманың құрылтайлық құжаттары оны құру туралы Шығыс Қазақстан облыстық әкімдіктің қаулысы және мемлекеттік мекемесі туралы Ереже болып табылады. Басқарма өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының Жер кодекісіне, заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, әкімдіктің, облыс әкімінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтік актілерге, сондай-ақ мемлекеттік мекемесінің Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

Басшы
    Бастықтың баяндамалары
Басқарманың құрылымы
Есептер
Басқарма Ережесі
Бос орындар
Байланыстар
Ақпараттық жүйелердің тізімі

 

 

Парақтар өзгертілді: 07-11-2018