іздеу
айдарлар
Погода в Усть-Каменогорске

Жер заңды негізде

kn Қазақстан Республикасының Жер кодексі Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі *.doc1.2 MB
     

 

Прокуратура ескертеді: жермен байланысты алаяқтық бар

Жерді сатып алмай тұрып келесідей жағдайға назар аударыңыз:
Сатушының қолында оның меншік иесі екендігін растайтын 3 құжат болуы керек:

  • Жерге меншік құқығын мемлекеттік тіркеу куәлігі;
  • Меншік құқығын тіркеуге негіз болған құжаттың түпнұсқасы (мысалы, сатып алу- сату шарты , мұрагерлік құқығы туралы куәлік және т.c.c.);
  •  Кадастрлық жоспардың түпнұсқасы , онда жер учаскесің кадастрлық номері, алаңы және нақты мекенжайы көрсетілуі тиіс.

Аталған құжаттардың барлығында да меншік иесі туралы мәлімет бірдей болуы керек.
Меншік иесі жеке тұлға болса , онда Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжаттың болуын, ал заңда тұлғада оны тіркеу , салық органында есеп тұру куәлігін тексерген және Заңды тұлғалардың біріңғай тізілімінен анықтаманы алған жөн.
Сатып алушыдан көбірек ақша алу мақсатында алаңы үлкенірек және іс жүзінде басқа жерде орналасқан жер көрсетілуі мүмкін.
Сондықтан, құжаттарды тексерген соң, жер алаңының кадастрлық жоспарға, координаттарына сәйкестігін мұқият тексеру керек.

Сұрақтарыңыз болған жағдайда Бас прокуратураның Сall-орталығына
115 номері арқылы хабарласа аласыз

136-бап. Жерге мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу
Мемлекеттiк жер учаскелерiн заңсыз иеленіп алу немесе айырбастау не жерге мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сондай-ақ уақытша иеленген мемлекеттiк жердi уақтылы қайтармау – жеке тұлғаларға – жетпіс бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Парақтар өзгертілді: 15-11-2016