іздеу
айдарлар
Погода в Усть-Каменогорске

Шын жүректен сүйікті елордамыздың туған күні – Астана күнімен құттықтаймыз!

Елордамыздың туған күні әрбіріміз үшін ерекше ыстық жалпыхалықтық мереке. Астана Қазақстан халқының рухани өрлеуінің тірегіне, бірлігі мен ынтымағының белгісіне, еліміздің жасампаз жеңістерінің көрінісіне және қазақстандық арманның іске асуының айқын дәлеліне айналды.

Астана – Азаттық пен Тәуелсіздіктің бейнесі – елдің, халықтың, қоғамның жаңа тарихының бастауы. Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тарихи және тағдырлы шешімі, айрықша саяси еркі Еуразия кіндігінде қарасаң көз тоймайтын, қайталанбас келбетті, ғажайып қаланың салынуына негіз болды.

Бүгінде Астанамыз – әлемдегі ең сұлу әрі жас елорданың бірі. Қонақжай қала көптеген елдерден ағылған саяхатшыларды өзіне тартуда, аз уақыт ішінде ірі халықаралық шаралар мен маңызды оқиғалардың орталығына айналды. «ЭКСПО-2017» бүкіләлемдік көрмесін өткізу орны ретінде Астана қаласының таңдалуы біздің елордамыздың әлемдік қауымдастықпен мойындалуы.

Шын жүректен сүйікті елордамыздың туған күні – Астана күнімен құттықтаймыз!