іздеу
айдарлар
Погода в Усть-Каменогорске

Облыстық жер комиссиясының кезекті отырысы

2017 жылғы 4 қазанда «ҚР ҰҚК ШҚ 2098 әскери бөлімі» РММ-ге тұрақты жер пайдалану құқығында, «ИртышЛогСервис» ЖШС-на,  «С-ГеоПроект» ЖШС-на, «ҚҰРАМА ТЕМІРБЕТОН ӨНДІРІСТІК БІРЛЕСТІГІ» ЖШС-на өтеулі жер пайдалану құқығында жер учаскелерін беру туралы өтініштерін қарастыру бойынша облыстық жер комиссиясының отырысы өтті.

Комиссия отырысының нәтижелері бойынша ««ҚР ҰҚК ШҚ 2098 әскери бөлімі» РММ-ге жер учаскелеріне сұралып отырған құқықтарын беру туралы оң шешім қабылданды.

«ИртышЛогСервис» ЖШС-на жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беруден бас тартылды, өйткені сұралып отырған жер учаскесі су қорғау аймағының 500 метрлік ең аз мөлшерінің еніне кіреді.

Сондай-ақ облыстық жер комиссиясының келесі кезекті отырысына «С-ГеоПроект» ЖШС-на және «ҚҰРАМА ТЕМІРБЕТОН ӨНДІРІСТІК БІРЛЕСТІГІ» ЖШС-на жер учаскелерін беру туралы  мәселелерді қарау ауыстырылды, өйткені жер учаскелерінің орналасқан орны туралы қосымша материалдар талап етіледі.

Комиссия мүшелерінің оң шешімдерінің негізінде бұл заңды тұлғалармен берілген материалдар, жерге орналастыру жобасын әзірлеуге жіберілді.