іздеу
айдарлар
Погода в Усть-Каменогорске

Ағымдағы жылдың 26 қазанында Зайсан қаласында...

Ағымдағы жылдың 26 қазанында Зайсан қаласында және Зайсан ауданының Дайыр ауылында Пул сарапшыларының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын түсіндіру бойынша кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу және жер реформасын ары қарай дамыту бойынша халықпен кездесуі өтті.

Пул сарапшыларының құрамына ШҚО жер қатынастары, ШҚО жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармаларының басшылары, ШҚО аудандары кәсіпкерлер палаталарының директорлары, «Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан филиалы бақылау-ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі және ШҚО қоғамдық кеңестерінің мүшелері кіреді.

Осы іс-шараға ауылдық округтердің халқы, кәсіпкерлер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, әр-түрлі агроқұрылымдар, ауылдық округтердің әкімдері, аудандық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, «Нұр Отан» партиясының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында халықтың мүдделерін қозғайтын, облыстың жер қатынастары саласындағы проблемалық мәселелер көтерілді.