іздеу
айдарлар
Погода в Усть-Каменогорске

Бақытжан Базарбек

Жер мәселелері бойынша тегін семинарлар 

2018 жылғы 27 қарашада сағат 14.00 - ден 19.00-ге дейін Семей қаласы әкімдігінің ғимаратында (Қ. Мұхаметханов көшесі, 8); – 2018 жылғы 28 қарашада сағат 14.00-ден 19.00-ге дейін Өскемен қаласы әкімдігінің ғимаратында (Пермитин көшесі, 17) Агенттіктің республикалық арнайы мониторингтік тобының мүшесі, белгілі қоғам қайраткері, жер қатынастары мәселелері бойынша жетекші сарапшылардың бірі, жер қатынастары бойынша заң және сот тәжірибесі мол кәсіби адвокат – Бақытжан Базарбек жер мәселелері бойынша тегін семинарлар өткізеді. Сіз мынадай мәселелер бойынша тегін кәсіби кеңес ала аласыз:

- жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін беру;

- жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту;

- жерге орналастыру процесі, жер учаскелерін сегменттеу;

- игерілмеуіне және нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмауына байланысты, сондай-ақ мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою;

- өз бетімен құрылыс салу;

- жер учаскелерінің бір-бірінің үстіне түсуі, шекаралары қабаттасуы;

- су қорғау аймақтары мен белдеулері, қызыл сызықтар, санитарлық-қорғау аймақтары;

- жер учаскелерін заңсыз басып алу, рейдерлік.               

Алдын ала сұрақтар мына телефон бойынша қабылданады:  8/7232/21-15-27