іздеу
айдарлар
Погода в Усть-Каменогорске

Өскемен және Семей қалалары бойынша бос жер учаскелері мен инженерлік коммуникацияларының электронды картасы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесінде 2018 жылғы 1 маусымда берген тапсырмасына, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.К. Ахметовтың тапсырмасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысында бизнесті жүргізуге арналған жағдайларды жақсарту және жаппай кәсіпкерлікті, оның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған егжей-тегжейлі жоспардың 53-тармағының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысымен бекітілген «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 32-тармағы негізінде Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасымен геоақпараттық портал шеңберінде Өскемен және Семей қалалары бойынша бос жер учаскелері мен инженерлік коммуникацияларының электронды картасы әзірленді.
Карта қабаттары жер учаскелерін, инженерлік желілерге қосылу жөніндегі деректерді (электр, сумен жабдықтау, су шығару, жылумен жабдықтау), бас жоспар  мен перспективалық құрылыс аудандарының егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, сондай-ақ аукционға қойылатын жер учаскелері бойынша ақпарат модулін және электрондық карта бойынша ыңғайлы навигация үшін негізгі элементтерді бейнелейді. Бағдарлау үшін танымал картографиялық сервистерді қосу мүмкіндігі әзірленді (Google. Yandex). Электрондық картаға www.openmap.kz сілтеме бойынша ашық қол жетімді.

Геоақпараттық портал құру халыққа және бизнеске электрондық форматта қызмет көрсетуді (техникалық шарттамалар, теңгерімдік тиесілілікті шектеу актілерін беру) қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, құжаттарды қабылдау, тіркеу, өтініш берушімен тікелей байланыссыз қашықтықтан жұмыс режимінде қызмет көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, құжаттарды электрондық форматта ұсынуды қамтамасыз етеді.

Өскемен және Семей қалалары бойынша бос жер учаскелері мен инженерлік коммуникацияларының электронды картасы. http://Openmap.kz