іздеу
айдарлар
Погода в Усть-Каменогорске

Облыстық соттағы дөңгелек үстел

2019 жылдың 30 қаңтарында облыстық сот ғимаратында ағымдағы жылдың 21 қаңтарында қабылданған Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқықтарын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларды талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.

Жер қатынастары саласына қатысты түзетулер ҚР Жер кодексіне және «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңына енгізілді. Негізінен өзгерістер жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсіміне енгізілді.

Заң 2019 жылғы 3 ақпанда күшіне енеді.