іздеу
айдарлар
Погода в Усть-Каменогорске

Ақпараттық хабарландыру

Абай ауданы әкімдігі ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жер телімдерін жалға беру жөнінде конкурс өткізеді.

Конкурсқа қатысуға жер телімдерін мәжбүрлеп алынған тізімінде тұрған тұлғаларды, сонымен бірге, бір жылдың ішінде ауыл шаруашылығы маңызындағы жер телімін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) келісім-шартына қол қоюдан бас тартқан конкурс жеңімпаздарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары жіберіледі.
Конкурсқа қатысуға өтінім және конкурстық ұсыныстар Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 43-1-бабының талаптарына және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрі- Қазақстан Республикасы Премьер- Министрі орынбасарының 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығымен бекітілген «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу» қағидаларына сай келуі тиіс.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау және тіркеу 2019 жылдын 15 мамырынан бастап он бес күн ішінде жүзеге асырылады. Мекен-жайы: ШҚО Абай ауданы Қарауыл ауылы, Құнанбай көшесі, 14 орналасқан «ШҚО Абай ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Конкурстық өтініштерімен конверттерді ашу және қорытындыларын шығару 2019 жылдын 30 мамыр күні сағат 10.00-де Қарауыл ауылы, Құнанбай көшесі, 14 мекен-жайы бойынша (аудан әкімдігінің ғимараты) өтеді.
Конкурс мынадай жағдайда өтпеді деп танылады.
1) Конкурсқа қойылған әрбір жер теліміне екі өтінімнен кем түссе;
2) Конкурсқа қойылған әрбір жер телімі бойынша конкурсқа қатысуға екі қатысушыдан кем жіберілсе.

Жер телімдерінің тізбесі