іздеу
айдарлар
Погода в Усть-Каменогорске

Ақпараттық хабарлама

Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы әкімдігі ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жер телімдерін жалға беру жөнінде конкурс өткізеді.

Конкурсқа қатысуға жер телімдерін мәжбүрлеп алынған тізімінде тұрған тұлғаларды, сонымен бірге, бір жылдың ішінде ауыл шаруашылығы маңызындағы жер телімін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) келісім-шартына қол қоюдан бас тартқан конкурс жеңімпаздарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары жіберіледі.

Конкурсқа қатысуға өтінім және конкурстық ұсыныстар Қазақстан Республикасының                      2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 43-1-бабының талаптарына және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрі- Қазақстан Республикасы Премьер- Министрі орынбасарының 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығымен бекітілген «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу» қағидаларына сай келуі тиіс.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң 2019 жылдың                                «21» мамырдан бастап 2019 жылдың «10» маусым аралығында өтінім қабылдау және тіркеу жүргізіледі. Мекен-жайы: ШҚО,Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылы, Абылай хан көшесі 91 «Катонқарағай ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ. Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің орналастыру схемасымен жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында, ауылдық округтердің және аудандық жер қатынастары бөлімінің ақпарат бұрыштарынан танысуға болады.

Конкурстық өтініштерімен конверттерді ашу және қорытындыларын шығару 2019 жылдын 11 маусым күні сағат 15.00-де Үлкен Нарын ауылы, Абылай хан көшесі, 102 мекен-жайы бойынша (аудан әкімдігінің ғимараты) өтеді.

Толық ақпаратты «Катонқарағай ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-нен мына байланыс телефондары арқылы 8 (72341) 21906 алуға болады

Конкурс мынадай жағдайда өтпеді деп танылады.

1) Конкурсқа қойылған әрбір жер теліміне екі өтінімнен кем түссе;

2) Конкурсқа қойылған әрбір жер телімі бойынша конкурсқа қатысуға екі қатысушыдан кем жіберілсе.

Жер телімдерінің тізбесі