іздеу
айдарлар
Погода в Усть-Каменогорске

Адалдық сағаты

16.10.2019 жылы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің хатына сай, Шығыс Қазақстан облысы жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары (Әдеп жөніндегі уәкіл) Д.Г. Сарманов Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық универститеті жер туралы ғылымдар факультетінің «Геодезия және картография» кафедрасының ұжымымен адалдық сағатын өткізді. Кездесуде Әдеп кодексінің негізгі ережелері талқыланды. 14 адам қатысты.

Сонымен қатар, адалдық сағаты жер қатынастары басқармасы қызметкерлерінің арасында да өткізілді, онда да Әдеп кодексінің негізгі ережелері қызметкерлердің назарына жеткізді, сондай-ақ Адалдық декларациясының ережелері талқыланды. Жиналысқа 9 адам қатысты.