іздеу
айдарлар

Погода в Усть-Каменогорске

Қазақстанда коронавирус қаупіне байланысты Қытаймен шекарада қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Қазіргі таңда ҚХР-да 30 провинцияда жаңа коронавирустық пневмонияның 4515 расталған жағдайы тіркелген, оның ішінде 106 өліммен аяқталған.

Эпидемиологиялық тексерулерге сәйкес, ауырғандардың көпшілігі Хубей провинциясының Ухань қаласында орналасқан Хуанань теңіз өнімдерінің, жануарлардың, құстардың және экзотикалық өнімдердің көтерме сауда нарығына өңдеушілер және жиі келушілер болды. 

Хубей провинциясының 15 қаласында карантин енгізілді, тұрғындарға қаладан кетуге тыйым салынды, авиарейстердің, автобустар мен поездардың келуі мен кетуі тоқтатылды.

Әлемде 15 елде коронавирустың жаңа түрімен (Гонконг – 8 сл, Таиланд – 8, Макао – 7, АҚШ – 5, Тайвань – 4, Австралия – 4, Сингапур – 4, Малайзия – 4, Франция – 3, Жапония – 4, Ю. Корея -4, Вьетнам – 2, Непал - 1, Канада – 1, Германия - 1 жағдай) аурудың 60 расталған жағдайы тіркелген.

Қытай жаңа жылын мерекелеу кезінде туристердің жаппай шығуы аясында ҚХР-дан тыс жерлерге инфекцияның таралу қаупі жоғары.

Осыған байланысты Қазақстанда әуежайлар мен вокзалдарда санитарлық бақылау шаралары күшейтілді, коронавирусты ел аумағына енгізуге және таратуға қарсы іс-қимыл шаралары қабылдануда.

Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша шекаралық аймақтарды өткізу пункттерінде, әуежайлар мен вокзалдарда коронавирусты енгізу мен таратуға қарсы іс-қимыл бойынша шаралар жүргізілуде: КЕЛЕТІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ авиарейстерге тепловизиялық бақылау күшейтілді, барлық адамдардың міндетті байланыссыз термометриясы жүргізілуде,әуежайлар, шекара және кеден қызметі қызметкерлерімен, ұшу құрамымен, жолаушылар поездарының жолсеріктерімен профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылды. Әуежайларда ҚХР-ға шығатын барлық адамдар үшін жадынама беріледі.