іздеу
айдарлар
Погода в Усть-Каменогорске

Халыққа қызмет көрсету \ Жер ресурстары

Шығыс Қазақстан Облысының жер қорының құрылымы

2018 жылғы 1  қарашадағы жағдайы бойынша Шығыс Қазақстан облысының жер қоры
Жердің бар-жоғы және оларды санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері, жер пайдаланушылары және алқаптары бойынша бөлу туралы есепке сәйкес 2018 жылы Шығыс Қазақстан облысының жер қоры  28 346,8 мың гектарды құрайды немесе Қазақстан Респубикасы аумағының 10,4 % құрайды.
Облыс аумағы 19 әкімшілік-аумақтық бірлікке бөлінген.
Шығыс Қазақстан облысында барлық жеті жер санаты ұсынылған.
Шығыс Қазақстан облысының аумағы 28 322,6 мың гектарды құрайды, оның ішінде:
-  ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер – 10 927,9 мың га (облыс жер қорының 38,6 %);
- елді мекендер жері – 2 953,4 мың га (10,4 %);
- өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер – 140,4 мың га (0,5 %);
- ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер – 1 542,2 мың га (5,4 %);
-  орман қорының жері – 2152,5 мың га (7,6 %);
- су қорының жері – 571,2 мың га (2,0 %);
- босалқы жер – 10 059,2  мың га (35,7 %).

 Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер
Шығыс Қазақстан облысының жер қоры құрылымында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер 10 928 мың гектарды құрайды. Өткен есептік кезеңмен салыстырғанда осы санаттағы жер шаруа қожалықтарына және ауылшарушылығы құрылымдарына жер учаскелерін беру есебінен 80 мың гектарға ұлғайды.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің құрамындағы ауыл шаруашылық алқаптары 10 769,4 мың гектарды құрайды, соның ішінде егістік – 1459,4 мың га, көп жылдық екпелер – 2,3 мың га, тыңайған жер – 59,4 мың га, шабындық – 471,8 мың га, жайылым – 8 776,4 мың га.
- шаруа (фермер) қожалықтарының саны 15 506 құрады, олар 8 966 мың га алаңды алып жатыр.
- 1 840 мың га аудандағы мемлекеттік емес ауыл шаруашылығы заңды тұлғаларының саны 513 құрады.
- 1631,2 мың га аудандағы шаруашылық серіктестіктерінің және акционерлік қоғамдардың саны 420 құрады.
- 170,9 мың га аудандағы ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерінің саны 46 құрады.
- 38,1 мың га аудандағы басқа мемлекеттік емес кәсіпорындарының жерлерінің саны 47 құрады.
- 113,0 мың га аудандағы мемлекеттік ауыл шаруашылығы заңды тұлғаларының саны 64 құрады.

Елді мекен жері 
Елді мекен жерінің ауданы 2 953 мың га құрайды. Елді мекендердің саны – 741, 2017 жылмен салыстырғанда 2018 жылда 25 елді мекендердің жойылуы себебінен 8,5 мың га азайған.

Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметi, қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк мұқтажына арналған жер
және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер

Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметi, қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жердің ауданы 140,4 мың га құрайды. 2017 жылмен салыстырғанда 2018 жылы өнеркәсіптік жерлерде жүргізілген тексеруден соң осы санаттағы жердің  47,9 мың га азаюы байқалады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi
Осы санаттағы жерлердің ауданы жыл сайынғы жер балансына сай 2018 жылы 1542,2 мың га құрады, соның ішінде емдеу-сауықтыру мақсатындағы жер – 1,4 мың га, қорықтардың, ұлттық парктердің, дендрологиялық және зоологиялық парктердің, ботаникалық бақтардың жері – 884,3 мың га.
Орман қорының жері
Орман қоры жерінің жалпы ауданы 2 152,5 мың га құрайды.
Су қорының жері
Су қоры жерінің жалпы ауданы 571,2 мың га құрайды.
Босалқы жер
Босалқы жердің ауданы 10 059,2 мың га құрайды, ол 2017 жылмен салыстырғанда басқа жер санаттарына ауыстыру себебінен 40,5 мың гектарға азайды.

Жерді мемлекеттік мақсаты үшін алып қою
2018 жылы мемлекеттік мақсаты үшін жалпы ауданы 16,4 га 11 жер учаскесі алынып қойылды, сомасы 170,2 мың теңге.

Мұрағат

kn 2018 жылдың 1 қаңтарына Шығыс Қазақстан облысының жер қоры
kn 2016 жылдың 1 қаңтарына Шығыс Қазақстан облысының жер қоры
kn 2016 жылдың 1 қарашасына Шығыс Қазақстан облысының жер қоры
Парақтар өзгертілді: 15-03-2019