іздеу
айдарлар
Погода в Усть-Каменогорске

Шығыс – Адалдық аланы

Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы Өскемен қаласы және Семей қаласы бойынша бос жер учаскелерінің және инженерлік коммуникациялардың электрондық картасын әзірледі.
Карта қабаттары жер учаскелерін, инженерлік желілерге қосылу жөніндегі деректерді (электр, сумен жабдықтау, су шығару, жылумен жабдықтау), бас жоспар  мен перспективалық құрылыс аудандарының егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, сондай-ақ аукционға қойылатын жер учаскелері бойынша ақпарат модулін және электрондық карта бойынша ыңғайлы навигация үшін негізгі элементтерді бейнелейді. Бағдарлау үшін танымал картографиялық сервистерді қосу мүмкіндігі әзірленді (Google. Yandex). Электрондық картаға www.openmap.kz сілтеме бойынша ашық қол жетімді.

Геоақпараттық портал құру халыққа және бизнеске техникалық шарттамалар беруді  электрондық форматта қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, құжаттарды электрондық форматта ұсынуды қамтамасыз етеді.
Қазіргі уақытта ШҚО жер қатынастары басқармасы Риддер, Аягөз, Зайсан, Алтай, Шемонаиха, Серебрянск қалаларының электрондық картасын құру бойынша осындай жұмыстар жүргізуде.
Сонымен қатар, осы геопорталда анықтамалық режимде жер учаскелерінің кадастрлық бағалау құнын есептеуге, сондай-ақ жер салығы мен жалдау ақысының құнын есептеуге мүмкіндік беретін жер учаскелерін онлайн бағалау модулі орналастырылған. Жыл соңына дейін осы геопорталда «Электрондық жерге орналастыру жобасы» модулін орналастыру жоспарлануда.

Парақтар өзгертілді: 18-06-2019